Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ “Қалалық жылжымайтын мүлік” МКК еңбек ұжымында директордың орынбасары Н.К. Иғазин ұжым жиналысын өткізіп, онда ҚР Конституциясына түзетулердің мәні түсіндірді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 5 маусында Қазақстан Республикасында республикалық референдум өтеді.
Республикалық референдумға «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бюллетеньде мынадай мәселе тұжырымдалып шығарылады: 2022 жылғы 6 мамырда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?».
Түзетулердің мақсаты – «жаңа мемлекеттік модельге, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының жаңа форматына» көшу. Бұл сапалы ауысуды Екінші республика деп атауға болады». Жұмыс тобы Конституцияның 33-бабына түзетулер дайындады.
Конституцияға түзетулер енгізу барысында, Президенттің ұсынысы бойынша, «суперпрезиденттік басқару нысанынан ықпалды және үкіметке есеп беретін Парламенті бар президенттік республикаға» көшу жоспарлануда. Сондай-ақ, түзетулер жобасынан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі туралы, оның ішінде оның қатарынан екі мерзімнен астам сайлану құқығы туралы барлық сілтемелер алынып тасталды.
Заң жобасымен келесі сілтемеге өтіп, толық таныса аласыз: https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1700000051
Өз сайлау учаскеңізді https://referendum.astana.kz / сілтемесіне өтіп біле аласыз (елорда тұрғындары үшін).
Сіздің дауысыңыз маңызды!

