Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ МКК қызметіндегі 2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК
  Астана қ., Сейфуллина к., 30 үй
  +7 (7172) 32-03-50
  gkp.gn01@mail.ru
  Жұмыс уақыты: Дс-Жм 07:30 - 17:00
  Түскі үзіліс: 12:00 - 13:30
  Азаматтарды қабылдау кестесі: апта сайын, бейсенбі 15:00 - 17:00

Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ МКК қызметіндегі 2025 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Жарияланған күні:
2025-24-04 сағат 16:21

Астана қаласы әкімдігінің

«Қалалық жылжымайтын мүлік»

ШЖҚ МКК қызметіндегі 2025 жылы

сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

ішкі талдау жүргізу туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына (16.01.2023 жылғы №21 өзгерістермен), 30.12.2022 жылғы №488 Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдармен, 2025 жылғы 27.03 бекітілген 2025 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жобаларының картасымен, 2025 жылға арналған Астана қаласының квазимемлекеттік ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесімен, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – Кәсіпорын) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілсін;
  2. Мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:

– директордың орынбасары Елеужанов Асхат Хабзатұлы;

– мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы Ниязбаев Еламан Жамабайұлы;

– комплаенс – менеджер Базаров Талғат Жеңісбайұлы.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмыс тобына жүктелсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:

1) Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

  1. Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылғы 2 мамыр мен 2024 жылғы 14 маусым аралығында жүргізілсін.
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2023 жылғы 1 сәуірден 2024 жылғы 1 сәуірге дейін белгіленсін.
  3. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалық анықтамаға қол қойсын және бекіту үшін директорға ұсынсын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

Директор                                                                                                   А. Строчков

 

Соңғы жаңалықтар
Комплаенс-менеджері туралы ақпарат
17/02/2026 сағат 18:04
Құрметті «Южный» және «Рассвет» гараж кооперативтерінің меншік иелері, өздеріңізді төменде көрсетілген тізімде тапқан жағдайда гараждың құжаттарының көшірмелерін алып мына мекенжайға келулеріңізді сұраймыз: Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 30 ғимарат (3-қабат, 34-кабинет.)
13/02/2026 сағат 15:28
Полиция департаменті ескертеді Есірткіге тәуелділік – өмірге, отбасыға және қоғамға төнетін қауіпті қатер
9/02/2026 сағат 16:41
маслихат Депутаты Естек Қанат Ғалымжанұлының басшылығымен Қазақстан Республикасының Конституциясын реформалау мәселелерін талқылауға арналған жұмыс кездесуі өткізілді
5/02/2026 сағат 15:43
Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам.
3/02/2026 сағат 17:46
Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін № 1 учаскеде № 37 көшені (жобалық атауы)салу.
28/01/2026 сағат 17:25
Жарияланған күні: 2025-24-04 сағат 16:21
Сілтеме https://qjm.kz/kz/kz-astana-alasy-kimdigini-alaly-zhylzhymajtyn-m-lik-shzh-mkk-yzmetindegi-2025-zhyly-sybajlas-zhem-orly-t-uekelderine-ishki-taldau-zh-rgizu-turaly-ru-o-provedenii-vnutrennego-analiza-korrupcionnyh-risk/