2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің “Қалалық жылжымайтын мүлік” ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК
  Астана қ., Сейфуллина к., 30 үй
  +7 (7172) 32-03-50
  gkp.gn01@mail.ru
  Жұмыс уақыты: Дс-Жм 07:30 - 17:00
  Түскі үзіліс: 12:00 - 13:30
  Азаматтарды қабылдау кестесі: апта сайын, бейсенбі 15:00 - 17:00

2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің “Қалалық жылжымайтын мүлік” ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

Жарияланған күні:
2023-25-05 сағат 20:30

25.05.2023 ж. №79

2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің “Қалалық жылжымайтын мүлік” ШЖҚ МКК қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Астана қаласы әкімдігінің “Қалалық жылжымайтын мүлік” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – кәсіпорын)қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
  2. Құрамында жұмыс тобын құру:
    – әкімшілік – құқықтық бөлімінің бас маманы Бакова Әсем Ерікқызы;
    – әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы Абылаева Гаухар Алеуханқызы;
    – бақша учаскелерін, гараждарды алып қою және жеке инвестицияларды игеру бөлімінің бас маманы Кожин Бөгенбай Қайырұлы;
    – Тастыбай Санат Хайдарұлы жер учаскелерін алып қою жөніндегі талап-арыз жұмысы бөлімінің бас маманы;
    – жер учаскелерін, тұрғын үйлер мен өндірістік үй-жайларды алып қою бөлімінің бас маманы Гайнулина Ғалия Шамильевна;
    – комплаенс – офицер Базаров Талғат Жеңісбайұлы.
  3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Жұмыс тобына жүктелсін.
  4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілсін:

1. Кәсіпорынның қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2. Кәсіпорынның ұйымдық-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3. Кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2023 жылғы 1 маусым мен 2023 жылғы 13 шілде аралығында жүргізілсін.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жалпы кезеңі 2022 жылғы 1 маусымнан 2023 жылғы 31 мамырға дейін белгіленсін.
5. Жұмыс тобы ішкі талдау қорытындысы бойынша директорға танысу және бекіту үшін талдамалық анықтама ұсынсын;
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Қалалық жылжымайтын мүлік МКК директоры                   А.Н. Строчков

 

Соңғы жаңалықтар
Комплаенс-менеджері туралы ақпарат
17/02/2026 сағат 18:04
Құрметті «Южный» және «Рассвет» гараж кооперативтерінің меншік иелері, өздеріңізді төменде көрсетілген тізімде тапқан жағдайда гараждың құжаттарының көшірмелерін алып мына мекенжайға келулеріңізді сұраймыз: Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 30 ғимарат (3-қабат, 34-кабинет.)
13/02/2026 сағат 15:28
Полиция департаменті ескертеді Есірткіге тәуелділік – өмірге, отбасыға және қоғамға төнетін қауіпті қатер
9/02/2026 сағат 16:41
маслихат Депутаты Естек Қанат Ғалымжанұлының басшылығымен Қазақстан Республикасының Конституциясын реформалау мәселелерін талқылауға арналған жұмыс кездесуі өткізілді
5/02/2026 сағат 15:43
Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам.
3/02/2026 сағат 17:46
Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін № 1 учаскеде № 37 көшені (жобалық атауы)салу.
28/01/2026 сағат 17:25
Жарияланған күні: 2023-25-05 сағат 20:30
Сілтеме https://qjm.kz/kz/kz-2023-zhyly-astana-alasy-kimdigini-alaly-zhylzhymajtyn-m-lik-shzh-mkk-yzmetinde-sybajlas-zhem-orly-t-uekelderine-ishki-taldau-zh-rgizu-turaly-ru-o-provedenii-vnutrennego-analiza-korrupcionnyh-riskov/