2025 жылғы 1 тоқсандағы есеп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК
  Астана қ., Сейфуллина к., 30 үй
  +7 (7172) 32-03-50
  gkp.gn@mail.ru
  Жұмыс уақыты: Дс-Жм 08:30-18:00
  Түскі үзіліс: 13:00-14:30
  Азаматтарды қабылдау кестесі: апта сайын, бейсенбі 16:00 - 18:00

2025 жылғы 1 тоқсандағы есеп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау

Жарияланған күні:
2025-2-04 сағат 15:20

2025 жылғы 1 тоқсандағы есеп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау

 

Қосалқы тапсырма Анықталған фактілердің сипаттамасы, қолданған шаралар
 1 -тапсырма. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау (әкімшілік және қылмыстық)

1-ішкі тапсырма . Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау (әкімшілік және қылмыстық)

2025 жылдың 1 тоқсанында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар (әкімшілік және қылмыстық) туралы хабарламалар тіркелген жоқ. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлама өткізілген жоқ.

 

 

 2-тапсырма.     Сыбайлас     жемқорлық     құқық бұзушылықтардың (әкімшілік және қылмыстық) және мемлекеттік қызметке кір келтіретін құқық бұзушылықтардың        жасалған       фактілерінің мониторингі

 

1-қосалқы  тапсырма.  Мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар жасаған сыбайлас  жемқорлық  құқық бұзушылықтардың  (әкімшілік  және  қылмыстық)  және мемлекеттік      қызметке      кір      келтіретін құқық бұзушылықтардың санын көрсету

Есеп беру кезеңінде мұндай фактілер анықталған жоқ.
3-тапсырма. Бағыныштылардың       сыбайлас жемқорлық    қылмыстары    үшін    басшыларды тәртіптік жауапкершілік мониторингі  
1-қосалқы  тапсырма.  Бағыныштылардың  сыбайлас жемқорлық  қылмыстары  үшін  басшыларды  тәртіптік жауапкершілікке тарту мониторингі 2025 жылдың 1 тоқсанында Кәсіпорын басшысы мен Кәсіпорынның өзге де құрылымдық бөлімшелердің басшылары бағынышты қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

 

Есепті кезеңде Кәсіпорын қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар үшін заңмен көзделген жауапкершілікке тартылған жоқ.

2-қосалқы тапсырма. Басқа лауазымға тағайындалуына байланысты бағынысты басшылардың сыбайлас жемқорлық  үшін жауапкершілігін қарастырмау фактілерін анықтау Басшылардың  басқа лауазымға тағайындалуына байланысты, бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлығы үшін жауапкершілікті қарастырмау фактілері анықталған жоқ.

 

 

4-тапсырма. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған  адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерінің мониторингі  
1-қосалқы  тапсырма  Бұрын  сыбайлас  жемқорлық құқық    бұзушылық    жасаған    адамдарды    жұмысқа қабылдау фактілерін анықтау 2025 жылдың 1 тоқсанында бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері анықталған жоқ.
 5-тапсырма. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мониторингі  
1-қосалқы   тапсырма.   Мемлекеттік   функцияларды орындаумен  келіспейтін  қызметті   жүзеге  асыратын тұлғаларды анықтау 2025 жылдың 1 тоқсанында Кәсіпорында мемлекеттік функцияларды орындаумен сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталған жоқ.

 

 

2-қосалқы  тапсырма.  Мүдделер  қақтығысы  болған кезде   лауазымдық   міндеттемелерді   жүзеге   асыру фактілерін анықтау  Кәсіпорында 76-ге жуық жеке тұлға және кейбір жақын туыстары жұмыс істейді. Сонымен қатар, олардың қызметі бір құрылымдық бөлімшеге бағынбайды немесе бір құрылымдық бөлімше шеңберінде бірлескен қызмет болып табылмайды. Мүдделер қақтығысы анықталған жоқ, бұл мәселе Кәсіпорын басшылығының қатаң бақылауында.
3-қосалқы  тапсырма.  Мүліктік  және  мүліктік  емес игіліктер   мен   артықшылықтарды   алу   немесе   алу мақсатында  ресми  таратылуға  жатпайтын  қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілерін анықтау Кәсіпорында қызметкерлер ресми таратуға жатпайтын қызметтік ақпаратты пайдалану жөніндегі талаптарды сақтайды. Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу үшін қызметтік ақпаратты пайдалану фактілері тіркелмеген.
4-қосалқы    тапсырма.    Егер    мұндай   іс-әрекеттер қызметтік  өкілеттікке  кіретін  болса,  оларды  ұсынған адамдардың      пайдасына      материалдық      сыйақы, сыйлықтар   немесе   іс-әрекеттер   (әрекетсіздік)   үшін көрсетілетін      қызметтерді      қабылдау      фактілерін анықтау Есеп беру кезеңінде қызметкерлердің және лауазымды тұлғалардың материалдық сыйақы, сыйлықтар, қызметтер немесе өзге де артықшылықтар алу фактілері анықталған жоқ.

 

 

5-қосалқы   тапсырма.   Қазақстан   Республикасынан тыс     жерлерде     орналасқан     шетелдік     банктерде шоттардың  (салымдардың)  болуы,  иелену,  қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілерін анықтау Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы шеңберінде ҚР шегінен тыс орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашуға, иеленуге, ақша мен құндылықтарды сақтауға тыйым салынатыны туралы хабардар етілді. Аталған мәселелер бойынша фактілер анықталған жоқ.

 

 

6-тапсырма.   СЖҚІА Төрағасының 31.12.2024 ж. №285 бұйрығымен бекітілген әдістемелік ұсынымдарға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру
1-қосалқы   тапсырма.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты бекіту
Соңғы жаңалықтар
Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс
17/04/2025 сағат 16:34
Ұйым қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын жүргізу бойынша Х А Т Т А М А
2/04/2025 сағат 15:23
2025 жылғы 1 тоқсандағы есеп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау
2/04/2025 сағат 15:20
19.03.2025 жылғы жағдай бойынша Биші Қайын, Ш. Жиенқұлова және Сырдария көшелеріндегі 110-КВ ӘЖ астындағы тұрғын үйлерді сатып алу бойынша ақпарат
19/03/2025 сағат 10:01
14.03.2025 жылғы жағдай бойынша Биші Қайын, Ш. Жиенқұлова және Сырдария көшелеріндегі 110-КВ ӘЖ астындағы тұрғын үйлерді сатып алу бойынша ақпарат
14/03/2025 сағат 12:48
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ұйым қызметкерлері үшін тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс шарулараын өткізу хаттамасы
3/10/2024 сағат 12:47
Жарияланған күні: 2025-2-04 сағат 15:20
Сілтеме https://qjm.kz/kz/kz-2025-zhyl-y-1-to-sanda-y-esep-sybajlas-zhem-orly-a-arsy-za-nama-normalaryn-sa-tau-ru-otchjot-za-i-kvartal-2025-goda-sobljudenie-norm-antikorrupcionnogo-zakonodatelstva/