
ЭБЖ жоғары вольтты сымдарының астындағы мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жататын объектілер
- Ш. Жиенқұлова көшесінен Асан қайғы көшесіне дейін Биші Қайың көшесін салу
Астана қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы 30.09.2022 жылғы № 510-2763 қаулысы.
Алынатын жер шекараларына 38 тұрғын үй (58 меншік иесі) енеді, оның 33-і сатып алынды, 3-уі сот тәртібімен шешіледі.
- Алаш тас жолынан Абыралы тұйық көшесіне дейін Ш. Жиенқұлова көшесін салу
Астана қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы 13.10.2022 жылғы № 510-2873 қаулысы.
Алынатын жер шекараларына 6 тұрғын үй енеді, одан 4 тұрғын үй сатып алынды.
- Биші Қайың көшесінен Сырдария көшесіне дейін Ә. Жангелдин көшесін салу (1-учаске)
Астана қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін алып қою туралы 30.09.2022 жылғы № 510-2762 қаулысы.
Алынатын жер шекараларына 14 тұрғын үй (16 меншік иесі) енеді, оның 9- сатып алынды.
4. Биші Қайың көшесінен Сырдария көшесіне дейін Ә. Жангелдин көшесін салу (2-учаске)
Жерге орналастыру жобасы дайындалуда, Астана қаласы әкімдігінің мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы қаулысы шыққаннан және қаржыландыруды бөлінгеннен кейін жылжымайтын мүлік объектілерін бұзу жұмыстары басталады.
Алынатын жер шекараларына 35 тұрғын үй енеді.