«Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Астана қаласы әкімдігінің 13.07.2023 жылғы № 510-1372 қаулысына сәйкес Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейінгі № 1 учаскедегі № 37 көше (жобалық атауы мекенжайында орналасқан жалпы алаңы -7,5890 га жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жатады.
Аталған бөлінген жердегі тұрғын үйлердің жалпы саны 20: 17 тұрғын үй сатып алынды, 3 (өтемақы сомасымен келісімі бар) мәслихаттың тұрақты сессиясына шығарылды.