Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ МКК
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша ұйым қызметкерлері үшін тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу ХАТТАМАСЫ
Астана қаласы № __ «__» ________2024 жыл
Өткізу орны: Астана қ., С.Сейфуллин к/сі, 30, 2 қабат, 13 каб.
Өткізу уақыты: 11:00 сағ
Төрағалық етті: директоры, комплаенс-офицер кәсіпорны
Қатысқандар: тізім бойынша
КҮН ТӘРТІБІ :
- 2024 жылға арналған комплаенс жұмыс жоспары;
- Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ МК жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы.
Сөз сөйледі: Т.Базаров, Кәсіпорынның комплаенс-офицері Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде әзірленген комплаенс-офицердің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Түсіндіру жұмысы барысында Астана қаласы әкімдігінің «Қалалық жылжымайтын мүлік» ШЖҚ МКК жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың ағымдағы 2024 жылға арналған басты бағыттары айтылды.
Қызметкерлердің назарына комплаенс-қызметтің 2023 жылы атқарған жұмысының қортындысы бойынша ақпарат ұсынылды, сондай-ақ Астана қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген Астана қаласының ұйымдары арасындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қортындылары бойынша ақпарат айтылды.
Қызметкерлерге мекемеде лауазымдық міндеттерін атқару кезінде өздеріне жүктелген жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау туралы тағы да ескертілді.
Осындай шектеулердің бірі, оларды ұсынған адамдардың пайдасына іс-әрекеттері (әеркетсіздігі) үшін материалдық сыйақы, сыйлықтарды немесе қызметтерді қабылдау болып табылады .
«Пара» деген терминді, әдетте азаматтар артықшылық алу, қызметті кезектен тыс, тіпті тиісті құжаттарды тексерусіз тез ресімдеу үшін ақша беру деп түсінеді. Алайда материалдық сыйлықтар да (гүл, шоколад т.б.) параға жатады. Пара берушінің жауапкершілігінің мөлшері олардың құынына байланысты болады.
ҚР Әкімшілік кодексінің (ӘҚБтК) 676-бабына сәйкес кез келген сыйлықтар, жеңілдіктер және тіпті қызметтер заңсыз материалдық сыйақы (пара) болып саналады.
Бұл ретте ҚР Қылмыстық кодексінің (ҚК) 367-бабына ескертпеде құны ағымдағы жылға 2 АЕК- 7384 теңгеден аспайтын сыйлықтар қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайтыны атап өтілген.
Ұжым арасында жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру қажеттілігі және ұжымның жемқорлыққа мүлдем төзбеушілігі туралы ақпарат айтылды.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында қызметкерлерге кәсіпкерлікпен айналысуға тиым салынатыны туралы түсіндірілді , өйткені Кәсіпорын мемелкеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатындықтан , заңнаманың барлық талаптары квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларына да қолданылады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заңның (бұдан әрі қарай – Заң) 1 – бабының 4) тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқару функцияларын орындайтын адам мемлекеттік функцияларды орындау уәкілеттігі бар адамдарға теңестірілген.
Жиналыс қортындысы бойынша (Шешім қабылданды) :
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманың талаптарын адал сақтау;
- Семинар-кеңесте айтылған ақпаратты барлық қызметкерлердің назарына жеткізу.
- Ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді атсалысу;
- Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне нөлдік төзімділікті қамтамасыз ету;
- Ұжым арасындағы кез келген сыбайлас жемқорлық сипатының көріністері немесе мүдделер қақтығысы туралы дереу хабарлау.