Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам. – Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКК
  Астана қ., Сейфуллина к., 30 үй
  +7 (7172) 32-03-50
  gkp.gn01@mail.ru
  Жұмыс уақыты: Дс-Жм 07:30 - 17:00
  Түскі үзіліс: 12:00 - 13:30
  Азаматтарды қабылдау кестесі: апта сайын, бейсенбі 15:00 - 17:00

Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам.

Жарияланған күні:
2026-3-02 сағат 17:46

Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам.

Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам. Жобада билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге ерекше мән берілгені байқалады. Бұл, ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Мемлекеттік басқарудың ашық әрі жауапты болуы қоғам сенімін арттырады деп ойлаймын.
Сонымен қатар, Конституция Преамбуласында белгіленген жаңа құндылықтар да ерекше назар аудартады. Онда елдің бірлігі мен тұтастығын сақтау, ғылым мен білімге, инновацияға сүйену, сондай-ақ табиғи ортаны қорғау басты бағдар ретінде көрсетілген. Бұл құндылықтар әр азамат үшін ортақ мақсат пен жауапкершілікті айқындайтын құқықтық темірқазық іспетті. Ал депутаттардың пропорционалды жүйе арқылы сайлануы саяси партиялардың рөлін күшейтіп, олардың ішкі жауапкершілігін арттырады. Бұл партиялардың тек сайлау кезінде ғана емес, қоғам алдындағы тұрақты міндеттерін сезінуіне ықпал етеді.

Жобада қоғамның мемлекеттік басқаруға қатысу тетіктерінің кеңеюі де құптарлық. Қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдерінің заң шығару процесіне араласу мүмкіндігі халық үніне құлақ асу қағидасын нақты іске асыруға жол ашады. «Халық кеңесі» сияқты консультативті органның енгізілуі билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтады. Бұдан бөлек, цифрлық технологиялар дамыған заманда азаматтардың жеке деректерін қорғау құқығының Конституция деңгейінде бекітілуі өте өзекті. Бұл адам құқықтарын қорғаудың заманауи тетігі болып табылады. Сондай-ақ вице-президент лауазымының енгізілуі мен Парламент өкілеттігінің күшеюі саяси жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған деп есептеймін. Конституция жобасы халық мүддесін ескеруге, саяси шешімдердің сапасын арттыруға және елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болатыны сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар
Комплаенс-менеджері туралы ақпарат
17/02/2026 сағат 18:04
Құрметті «Южный» және «Рассвет» гараж кооперативтерінің меншік иелері, өздеріңізді төменде көрсетілген тізімде тапқан жағдайда гараждың құжаттарының көшірмелерін алып мына мекенжайға келулеріңізді сұраймыз: Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 30 ғимарат (3-қабат, 34-кабинет.)
13/02/2026 сағат 15:28
Полиция департаменті ескертеді Есірткіге тәуелділік – өмірге, отбасыға және қоғамға төнетін қауіпті қатер
9/02/2026 сағат 16:41
маслихат Депутаты Естек Қанат Ғалымжанұлының басшылығымен Қазақстан Республикасының Конституциясын реформалау мәселелерін талқылауға арналған жұмыс кездесуі өткізілді
5/02/2026 сағат 15:43
Жаңа Конституция жобасы еліміздің саяси және құқықтық дамуына жаңа серпін беретін маңызды қадам.
3/02/2026 сағат 17:46
Керей, Жәнібек хандар көшесінен бастап Ұлы Дала даңғылына дейін № 1 учаскеде № 37 көшені (жобалық атауы)салу.
28/01/2026 сағат 17:25
Жарияланған күні: 2026-3-02 сағат 17:46
Сілтеме https://qjm.kz/kz/kz-zha-a-konstitucija-zhobasy-elimizdi-sajasi-zh-ne-y-ty-damuyna-zha-a-serpin-beretin-ma-yzdy-adam-ru-kazahstan-stoit-na-poroge-masshtabnyh-konstitucionnyh-izmenenij-kotorye-otkryvajut-novuju-stranic/