- Кәсіпорын қызметінің мәні мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп алуды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, үйлерден) босатуды қамтамасыз ету саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады.
- Кәсіпорын қызметінің мақсаты мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, үйлерден) босату болып табылады.
- Кәсіпорын алға қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мына қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- жер учаскелерінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің мемлекет мұқтажы үшін алынуына байланысты меншік иелері мен мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға оларды мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлау;
- жер учаскелерінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің мемлекет мұқтажы үшін алынуына байланысты олардың нарықтық құнын анықтауды, оларды өтеу мөлшерін анықтауды қамтамасыз ету;
- алынатын жер учаскелерін ғимараттардан (құрылыстардан, үйлерден) босатудың сметалық құнын дайындау;
- алынатын мүліктің меншік иелерімен немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушылармен келіссөздер, келісу рәсімдерін өткізу;
- соттарда мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де мүлікті мәжбүрлеп алып қою мәселелері бойынша әкімдіктің мүддесін білдіру;
- жер учаскелерін ғимараттардан (құрылыстардан, үйлерден) босату;
- жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің мемлекет мұқтажы үшін алынуына байланысты олардың құнын және өтелуге тиіс шығындарды бюджет қаржысы есебінен төлеуді қамтамасыз ету.
- Кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығында тұрған, қызметтік пәтерге теңестірілген тұрғын үйді жалға алуға (жалдауға) беру
- Күрделі құрылыс, өндірістік және тұрғын үй ғимараттарын, құрылыстарды жөндеу және пайдалануға беру;
- Құрылыс объектілері, тұрғын үй және тұрғын емес жылжымайтын мүлік объектілерін жөндеу бойынша тапсырыс берушінің техникалық қадағалауын жүзеге асыру;
- Кәсіпорынның Жарғымен бекітілген оның қызметі мен мақсатына сай келмейтін қызметті, сондай-ақ мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы жоқ
- Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
| Директор – Строчков Александр Николаевич
Директордың орынбасары – Иғазин Нұрғазы Қамбарұлы Директордың орынбасары –Мұқыжанов Дарын Бакытбекұлы Директордың орынбасары – Елеужанов Асхат Хабзатович |
Астана қаласы,
С. Сейфуллин көшесі, 30 +7 (7172) 32-03-50 қабылдау бөлмесі gkp.gn01@mail.ru Жұмыс кестесі: Дс–Жұма 07:30-17:00 Түскі үзіліс: 12:00-13:30 |